КИПО-6/9,2 өсімдік қалдықтарын біркелкі ұсақтап, таратуды қамтамасыз етеді, топырақтың жоғарғы қабатының құрылымын жақсартады және ылғалды сақтауға септігін тигізіп, алқапты келесі ауыл шаруашылық жұмыстарына дайындайды.
КИПО-6/9,2 катығы өсімдік қалдықтарын біркелкі ұсақтап, таратуды қамтамасыз етеді, топырақтың жоғарғы қабатының құрылымын жақсартады және ылғалды сақтауға септігін тигізіп, алқапты келесі ауыл шаруашылық жұмыстарына дайындайды.
Агрегаттың жоғары жүктеме түсетін тұстары қосымша күшейтілген элементтермен жетілдірілген. Қаңқа қимасы — 150х100х8 мм.
Тіркеме ілмегінің диаметрі
130 мм + дәнекерленген төлке. Пластиналар қосымша 4 мм-ге күшейтілген.
Трос кермелері
Амортизациялық әсерімен жұмсақ жүреді. Тізбекті немесе шпренгельді жүйеден жөндеуге оңай. Қимасы 10 мм трос кермелері қолданылған.
Қысу серіппесі
Білік пен мойынтірекке түсетін жүктемені азайту үшін.
Импорттық мойынтірек
FKL 210 тұрқындағы импорттық мойынтірек
ұнтақты бояу
Механикалық зақымданудан, ультракүлгін сәулелерден, тоттан және ылғалдан қорғайды.
Қамту ені 6-9,2 м
Үйлесімділік 80 а.к. бастап
Өнімділік 7-11 га/сағ
АГРЕГАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
КИПО-6/9,2 ұсақтағыш-катогының құрылымындағы негізгі элемент – диаметрі 326 мм, қабырғасының қалыңдығы 6 мм болатын болат цилиндр. Ұсақтау жұмысы жұмыс органының бүкіл бетіне орналасқан 11 қатар пышақ арқылы жүзеге асады. Пышақтар 30MnB5 маркалы бор қосылған болаттан жасалған, бұл олардың өздігінен қайралу қасиетін қамтамасыз етеді. Катоктардың салмағын арттыру үшін жұмыс органдарының бүйір жағында су құюға арналған тығындар қарастырылған. Катоктың жақтауы мен оған орнатылған пластиналар 09Г2С маркалы жоғары берік құрылымдық болаттан дайындалған. Катоктарға FKL 210 маркалы импорттық өздігінен реттелетін мойынтіректер орнатылған, бұл – осы санаттағы агрегаттардың тораптары үшін қолданылатын ең сенімді мойынтірек түрі.
КИПО-6/9,2 АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Егін қалдықтарын тиімді ұсақтау
Өсімдік массасын алқапқа біркелкі тарату
Жұмыс санын азайту және жанармайды үнемдеу
Топырақ құрылымын жақсарту және ылғалды сақтау
Қарқынды пайдалануға арналған берік құрылым
Уақыт шығынын барынша азайта отырып, жоғары өнімділікке қол жеткізу
КИПО-6 / 9,2 ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Атауы; Өлшем бірлігі;КИПО-9,2;КИПО-6
Құрал түрі:;— ;Жартылай тіркемелі; Жартылай тіркемелі
Үйлесімділік (трактор класы):;— ; 1.4 ... 2.0; 1.4 ... 2.0
Машина салмағы, толық (құрғақ) жеткізілім күйінде,; кг; 2470±1%; 1720±1%
Машина салмағы, жұмыс күйінде (сумен); кг; 3100; 2100
Жол саңылауы (клиренс), кем емес; мм; 370; 370
Жұмыс жылдамдығы; км/сағ; 12-ге дейін; 12-ге дейін
Көлік жылдамдығы; км/сағ; 20; 20
Жұмыс күйіндегі өлшемдер :;— ;— ;—
Ұзындығы; мм; 3485±50; 3485±50
Ені; мм; 9565±50; 6330±50
Биіктігі; мм; 990±50; 990±50
Тасымалдау күйіндегі өлшемдер :; — ;— ;—
Ұзындығы; мм; 6595±50; 4980±50
Ені; мм; 2330±50; 2330±50
Биіктігі; мм; 1635±50; 1635±50
Қамту ені; м; 9.2; 6
Негізгі уақыт ішіндегі өнімділік; га/сағ; 11,0-ге дейін; 7
Секциялар саны; дана; 5; 3
Пышақтар саны; дана; 48х3+32х2; 48х3
Барабан диаметрі (пышақтармен жинақталған); мм; 510±1%; 510±1%
Жұмыс немесе көлік күйіне ауыстырудың еңбек сыйымдылығы; адам/сағ; 0,3; 0,3
Агрегатты жұмыс күйінен алыс тасымалдау күйіне және кері ауыстыру уақыты, аспайды; сағ; 0,3; 0,3
Майлау нүктелерінің саны, ауысымдық; дана; 14; 8
Майлау нүктелерінің саны, маусымдық; дана; 2; 2
Қызмет көрсетуші персонал саны; адам; 1; 1
Кепілдік мерзімі; ай; 12*; 12*
Қызмет ету мерзімі; жыл; 8-ге дейін; 8-ге дейін
ҚАЗАҚСТАНДА ЕГІН ҚАЛДЫҚТАРЫН ҰСАҚТАЙТЫН КАТОК САТЫП АЛУ
«КазАгроМаш» зауыты – бүкіл Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы техникасының сенімді жеткізушісі. Біз жоғары сапалы жабдықтарды кепілдікпен, кәсіби кеңеспен және кез келген аймаққа жеткізу қызметімен ұсынамыз. Сайтта өтінім қалдырыңыз немесе қоңырау шалыңыз – біз сіздің тракторыңызға сәйкес келетін техниканы таңдап, оның құнын есептейміз және тікелей шаруашылығыңызға жылдам жеткізуді ұйымдастырамыз.