КИПО-23 катогыегіннен кейінгі қалдықтарды тиімді ұсақтауды және біркелкі таратуды қамтамасыз етеді, топырақты өңдеу сапасын жақсартады және келесі агротехникалық жұмыстарға қолайлы жағдай жасайды.
КИПО-23 катогыегіннен кейінгі қалдықтарды тиімді ұсақтауды және біркелкі таратуды қамтамасыз етеді, топырақты өңдеу сапасын жақсартады және келесі агротехникалық жұмыстарға қолайлы жағдай жасайды.
Агрегаттың жоғары жүктеме түсетін тұстары қосымша күшейтілген элементтермен жетілдірілген. Қаңқа қимасы — 200х200х10 мм.
Тіркеме ілмегінің диаметрі
130 мм + дәнекерленген төлке. Пластиналар қосымша 4 мм-ге күшейтілген.
Трос кермелері
Амортизациялық әсерімен жұмсақ жүреді. Тізбекті немесе шпренгельді жүйеден жөндеуге оңай. Қимасы 10 мм трос кермелері қолданылған.
Қысу серіппесі
Білік пен мойынтірекке түсетін жүктемені азайту үшін.
Импорттық мойынтірек
FKL 210 тұрқындағы импорттық мойынтірек
ұнтақты бояу
Механикалық зақымданудан, ультракүлгін сәулелерден, тоттан және ылғалдан қорғайды.
Қамту ені 23 м
Үйлесімділік 350 а.к. бастап
Өнімділік 23-46 га/сағ бастап
АГРЕГАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
КИПО-23 ұсақтағыш-катогының құрылымындағы негізгі элемент – диаметрі 326 мм, қабырғасының қалыңдығы 6 мм болатын болат цилиндр. Ұсақтау жұмысы жұмыс органының бүкіл бетіне орналасқан 11 қатар пышақ арқылы жүзеге асады. Пышақтар 30MnB5 маркалы бор қосылған болаттан жасалған, бұл олардың өздігінен қайралу қасиетін қамтамасыз етеді. Катоктардың салмағын арттыру үшін жұмыс органдарының бүйір жағында су құюға арналған тығындар қарастырылған. Катоктың жақтауы мен оған орнатылған пластиналар 09Г2С маркалы жоғары берік құрылымдық болаттан дайындалған. Катоктарға FKL 210 маркалы импорттық өздігінен реттелетін мойынтіректер орнатылған, бұл – осы санаттағы агрегаттардың тораптары үшін қолданылатын ең сенімді мойынтірек түрі.
КИПО-6/9,2 АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Егін қалдықтарын тиімді ұсақтау
Өсімдік массасын алқапқа біркелкі тарату
Жұмыс санын азайту және жанармайды үнемдеу
Топырақ құрылымын жақсарту және ылғалды сақтау
Қарқынды пайдалануға арналған берік құрылым
Уақыт шығынын барынша азайта отырып, жоғары өнімділікке қол жеткізу
КИПО-23 ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Атауы; Өлшем бірлігі; Көрсеткіші
Агрегатталу тәсілі;—;жартылай тіркемелі
Трактор қуаты;а.к.;350-ден жоғары
Құрғақ салмағы (жеткізілім күйінде);кг;10320±10%
Жұмыс салмағы (сумен толтырылған);кг;12370±1%
Жол саңылауы (клиренс);мм;кемінде 370
Жұмыс жылдамдығы;км/сағ;20-ға дейін
Тасымалдау жылдамдығы;км/сағ;20
Жұмыс күйіндегі ұзындығы;мм;7550±100
Жұмыс күйіндегі ені;мм;24250±70
Жұмыс күйіндегі биіктігі;мм;1350±50
Тасымалдау күйіндегі ұзындығы;мм;16600±100
Тасымалдау күйіндегі ені;мм;5000±70
Тасымалдау күйіндегі биіктігі;мм;2375±50
Өңдеу тереңдігі;см;4-ке дейін
Жұмыс ені;м;23
Өнімділік (негізгі уақытта);га/сағ;23–26
Каток секцияларының саны;дана;9
Секциядағы катоктар саны;дана;2
Үлкен секцияның диаметрі (пышақтарымен бірге);мм;400
Кіші секцияның диаметрі (пышақтарымен бірге);мм;300
Серіппелі тырманың диаметрі;мм;14
Қызмет көрсетуші персонал саны;адам;1
Қызмет ету мерзімі;жыл;8-ге дейін
ҚАЗАҚСТАНДА ЕГІН ҚАЛДЫҚТАРЫН ҰСАҚТАЙТЫН КАТОК САТЫП АЛУ
«ҚазАгроМаш» зауыты — Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші отандық кәсіпорын. Біз жоғары сапалы техникаға ресми кепілдік беріп, кез келген өңірге тікелей жеткіземіз. Сайт арқылы өтініш қалдырыңыз немесе бізге хабарласыңыз — тракторыңыздың қуатына сәйкес техниканы таңдап, қоймадағы қолжетімділігі мен құнын есептеп, тікелей егіс алқабыңызға дейін жылдам жеткізуді ұйымдастырып береміз.