«Параплау» тірегімен жабдықталған ПЧ-4,5Н чизельді соқасы топырақты аудармай сапалы өңдеуді қамтамасыз етеді, оның құрылымын жақсартады және жердің табиғи құнарлылығын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасайды.
«Параплау» тірегімен жабдықталған ПЧ-4,5Н чизельді соқасы топырақты аудармай сапалы өңдеуді қамтамасыз етеді, оның құрылымын жақсартады және жердің табиғи құнарлылығын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасайды.
ПЧ-4,5Н немесе ПЧП-4,5 агрегаттары тік тірекпен немесе «Параплау» тірегімен жиынтықталуы мүмкін.
Қиылмалы болт
Тірек кедергіге тап болған жағдайда — оны сынып қалудан қорғайды.
Тереңдікті реттеу механизмі
Тереңдікті реттеудің қарапайым әрі түсінікті механизмі
Негізгі рама
Негізгі рама қабырғасының қалыңдығы 8 мм болатын, 150х150 өлшемді сертификатталған 09Г2С маркалы болаттан жасалған.
Қос каток
Тістер шахматтық тәртіппен орналасқан, бұл агрегаттың тұтығып қалуын болдырмайды және топырақты мұқият ұсақтауға септігін тигізеді.
Алдыңғы тіреуіш дөңгелектер
Алдыңғы тіреуіш пневматикалық дөңгелектерге, темір баламаларына қарағанда, лай азырақ жабысады.
Құрама тірек
Bellota Испания өндірісі
Жалғағыш саусақтар
Мырышпен қапталған қосылу саусақтары – берік, тозуға төзімді және тоттан қорғалған.
Аспалы чизельді соқа
Агрегаттың аспалы нұсқада орындалуы диқанның қалауы бойынша катоксыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
РАМАНЫ КҮШЕЙТУ
Рама қосымша конструкциялармен күшейтілген және беріктік қорына ие.
Қамту ені 4,5 м
Үйлесімділік 240 а.к. бастап
Өнімділік 4 га/сағ дейін
АГРЕГАТТЫҢ МАҚСАТЫ
Чизельді соқа топырақтың өңдеу қабатын тереңдете отырып қопсытуға (ықтырма алқаптардан бөлек) арналған. Сондай-ақ, ол тоңдырма және көктемгі жыртудың орнына топырақты аудармай өңдеуге, сондай-ақ тас, плита тәрізді кедергілері жоқ егістіктерді терең қопсыту үшін қолданылады. Техникалық пайдалану шарттары:
Меншікті қарсылық: 0,12 МПа (1,2 кг/см³) дейін;
Топырақ қаттылығы: 4 МПа (40 кг/см³) дейін;
Ылғалдылық: 22% дейін;
Температура: 0°C-тан жоғары;
Еңістік: 8°-тан аспайтын.
Жиынтықталуы: Топырақты қосымша қопсыту, алқап бетін тегістеу және соқаның артқы бөлігінің өңдеу тереңдігін реттеу үшін агрегат тісті қопсытқыш-нығыздағыш катоктармен жабдықталады.
ПЧ-4,5Н ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Атауы; Өлшем бірлігі; Көрсеткіші
Өнімділік (негізгі уақытта);га/сағ;4-ке дейін
Жұмыс жылдамдығы;км/сағ;10-ға дейін
Өңдеу тереңдігі;см;45
Жұмыс ені;м;4,4…4,5
Салмағы;кг;3950±120
Габариттік ұзындығы (жұмыс күйінде);мм;2500±190
Габариттік ені (жұмыс күйінде);мм;4540±135
Габариттік биіктігі (жұмыс күйінде);мм;1900±65
Трактор қуаты;а.к.;240-тан бастап
Салмағы мен габариттері агрегаттың жиынтықталуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Жиынтықтау нұсқалары
Диқанның қалауы бойынша ПЧ-4,5Н немесе ПЧП-4,5 агрегаттары тік тірекпен немесе «Параплау» тірегімен жиынтықталуы мүмкін.
1. Тік тіректер
2. Параплау тіректері
1. Тік тіректер
2. Параплау тіректері
Видео және фотосуреттер
ПЛУГ ЧИЗЕЛЬНЫЙ ПЧ-4,5Н
Қазақстанда ЧИЗЕЛЬДІ СОҚА сатып алу
«ҚазАгроМаш» зауыты — Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші отандық кәсіпорын. Біз жоғары сапалы техникаға ресми кепілдік беріп, кез келген өңірге тікелей жеткіземіз. Сайт арқылы өтініш қалдырыңыз немесе бізге хабарласыңыз — тракторыңыздың қуатына сәйкес техниканы таңдап, қоймадағы қолжетімділігі мен құнын есептеп, тікелей егіс алқабыңызға дейін жылдам жеткізуді ұйымдастырып береміз.